Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Twitter саяси жарнама жариялау тәртібін күшейтеді

Twitter әлеуметтік желісі жарнаманы кім ілгенін көрсете алатын тетік ойлап тапты. Twitter блогында жарияланған мәлімдеме бойынша, әзірге ол АҚШ-тағы саяси жарнамаларға қатысты ғана жұмыс істейді. Келешекте ол тетікпен кез-келген жарнаманы тексеруге болады.


Қолданушылар арнайы құрылған интернет-парақшаға кіріп, іздеу қызметі арқылы кез-келген жарнамалық твитті және жарнама беруші туралы тиісті ақпаратты таба алады.


Егер жарнама саяси мазмұнда болса, онда қосымша мәліметтер, оны ілуге төленген қаржы көлемі және оның қандай аудиторияға арналғаны көрініп тұрады.


Жаңа қызмет АҚШ-тағы сайлау кампаниясы кезінде ілінген жарнаманың қайдан берілгенін анықтауға көмектесетіні айтылады.


Бұған дейін Twitter Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға киліккенімен байланысты 200-ге тарта аккаунтты бұғаттаған.


Facebook компаниясы бұған дейін ресейлік қолданушылардың желіде сатып алған жарнамасының АҚШ-та 2016 жылы өткен президент сайлауымен ықтимал байланысы туралы зерттеуін жариялаған. Мұндай жарнамалық хабарламаларды шамамен 10 миллионға тарта қолданушы көрген. Бұдан кейін Facebook саяси жарнамаға бақылауды күшейткен. Әлеуметтік желі жарнаманы кім бергенін және оның қайда орналасқанын тексереді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus