Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қасымов: 23 маусымдағы митинг әрекетінен соң бір адам қамалды

Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов 29 маусым күні Астанада парламент отырысы арасында 23 маусымда елде митинг өткізу әрекетінен соң бес адам жауапқа тартылғанын айтты. Vlast.kz сайтының хабарлауынша, Қасымов қанша адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілгенін нақты айтпады.


"Бес адам сотқа жіберілді, олардың бірі қамалды, қалғанына айыппұл салынды. Басқа адамдармен түсіндіру мақсатында әңгімелескен, сонымен болды. Меніңше, бір адам 10 тәулікке жабылды, нақты есімде жоқ", - деді Қасымов.


Осы аптаның басында Қасымов Азаттық тілшісінің 23 маусымда ұсталғандар саны қанша деген сұрағына жауап бермеген еді.


Қасымов ұсталғандар туралы сұраққа жауап бермеді




​Қазақстанда қызметіне тыйым салынған Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы (ҚДТ) елде 23 маусым күні "тегін білім беруді талап етіп" рұқсат берілмеген митинг өткізуге шақырған. 23 маусымда Алматы, Астана және Шымкентте полиция ҚДТ митинг өтеді деп белгілеген алаңдардан ондаған адамды ұстап әкеткен. Ұсталғандар ешқандай ұран айтып, талап қоймаған, плакат та ұстамаған. Олардың кейбірі митингіге қатысу ойында болмағанын, алаң маңынан өтіп бара жатқанын айтқан.


Митинг өтпеген күнгі жаппай ұстаулар




​ҚДТ-ны қуғындағы экс-банкир, 2009 жылдан бері шетелде тұратын әрі Астананың саясатын сынайтын Мұхтар Әблязов құрған. 10 мамыр күні Қазақстанның бірнеше қаласында "саяси тұтқындарды босатыду" талап еткен, билік рұқсат бермеген митинг өткен. Ол митингіде де полиция адамдарды жаппай ұстаған. Әблязов наразылық митингілерін өзі ұйымдастырғанын мәлімдеген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus