Парламент депутаттары демалысқа шықты
Біріккен отырыста мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин парламент үкіметпен тығыз жұмыс істескенін, алайда үкімет дайындаған заң жобаларына көңілі толмайтынын айтты. "Парламенттің қос палатасы үкіметпен барлық салада және бағытта тығыз жұмыс істесті. Осының арқасында біраз нәтиже шықты. Бірақ, әлі де кемшіліктер бар. Ең алдымен, үкіметтен түсетін заң жобаларының сапасы төмен. Бұған тиісті мемлекеттік органдар заң жобалары парламентте қаралып жатқан кезде көз өзгеріс енгізеді" деді Нығматулин.
Мәжіліс төрағасының сөзінше, бұл кемшіліктер заң жобаларының сапасына кері әсер етеді.