Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ресей OPCW мандаты кеңейтілгенін мойындамайды

Ресей Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымның (Organisation for the Prohibition of Chemical Weapons - OPCW) өкілеті кеңейтілгенін мойындамайды деп хабарлады Ресей Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған Deutsche Welle.


Бірер күн бұрын OPCW химиялық шабуыл жасауға кінәлілердің аты-жөнін атау құқығына ие болған. Сыртқы істер министрлігі өкілдері OPCW-ның жаңа құзыретін Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі конвенцияға "ауыр соққы беру" деп атады.


Ұйымның мандатын кеңейту туралы құжатты Ұлыбритания ұсынып, оны 82 мемлекет қолдаған. Құжатқа 24 ел, оның ішінде Ресей, Иран және Сирия қарсы дауыс берген. Ресейдің OPCW-дағы тұрақты өкілі Александр Шульгин Батыс елдерін Мәскеудің одақтастарына Ұлыбритания ұсынған құжатты қолдауға мәжбүрлеп отыр деп айыптаған.


OPCW құзыреті ұйымның жаңа басшысы қызметіне кіріскен соң қараша айында кеңейтіледі. Бұл уақытта химиялық шабуылға кінәлілерді анықтау процедуралары нақтыланады.




OPCW Сирияда соғыс басталғаннан бері бұл елде химиялық қару қолданылғанын бірнеше рет мәлімдеген. Ұйымның арнайы комиссиясы химиялық шабуыл болғанын бірнеше рет дәлелдеген, бірақ құзыреті жоқ болғандықтан кінәлілерді атаудан бас тартқан.


Батыс елдері химиялық шабуылға Ресей қолдайтын Сирия президенті Башар Асад билігін айыптайды. Дамаск химиялық қару қолданғанын терістеп, халықаралық бақылаушылардың қадағалауымен химиялық заттардың барлығын елден шығарғанын айтады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus