Италия ЕО саммитінің қорытынды құжатын қабылдатпады
Дональд Туск пен Еуропа комиссиясының төрағасы Жан-Клод Юнкер бірлескен баспасөз мәслихатын өткізбейтін болды.
Дипломатиялық арналардағы дереккөздердің мәліметінше, қорытынды құжаттың қабылдануына Италия кедергі келтірген. Италия үкіметіндегі дереккөз осы ел премьер-министрі Джузеппе Конте ЕО миграция бойынша ортақ ұстанымға келмей, қорытынды құжатқа келісім бергісі келмейтінін айтты. Бұл мәселе кейінірек талқылануы тиіс болған.
Саммиттің қорытынды құжатында негізінен АҚШ-пен сауда, қауіпсіздік, қорғаныс және экономика мәслелері қамтылған.