«Нұр Отан» мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев партия мен Агенттік арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі.