Астанада дүниежүзілік тау-кен конгресі өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жылдың 19-22 маусымында Астана қаласында 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі (ДТК) өтеді. Бұл қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру, ғылым және техника, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыс істейтін әлемнің 50 елінің іскерлік орта кәсіпқойлары мен ғалымдарын біріктіруге бағытталған ең ауқымды және маңызды салалық іс-шаралардың бірі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.