Кемероводағы "Зимняя вишня" сүріле бастады
Ғимаратты сүру шығынын "Зимняя вишня" сауда ортылығы иелері өз мойындарына алған. Бірақ ғимараттың кей иелері сүру жұмыстарын бастауға келісім бермеген.
Наурыздың 25-і күні Кемерово қаласындағы "Зимняя вишня" сауда орталығында болған өрттен 64 адам (арасында 41 бала бар) ажал құшқан. Ресейдің Кемерово облысын ұзақ жылдар бойы басқарып келген 73 жастағы Аман Төлеев оқиғадан кейін отставкаға кеткен.