Белсенді Ерлан Қалиев бостандыққа шықты
- ҚР Әкімшілік кодексінің 50-шы бап, 3-ші тармағына сәйкес, әкімшілік жазаға тартылған адамның ұсталу мерзімі есепке алынады. (Яғни, түсте ұсталса, түсте босатылуы тиіс - Азаттық) Біз мұны әлгінде аппеляция кезінде айттық. Ол кезде мені 17.30-да, қалғандарын – 19.00-де шығарамыз деген еді. Біз мұның заңға қайшы екенін айттық. Бізді 10-ы күні сағат 11-лерде ұстағанын бәрі біледі. Дәлелдер бар. Бірақ соған қарамастан мені түсте шығарып, оларды кешке шығарайын деп отыр, - дейді Ерлан Қалиев Азаттық тілшісіне.
Мамырдың 10-ы күні Астана, Алматы және бірнеше облыс орталығында "саяси тұтқындарды босату" және "түрмедегі азаптауларды тоқтатуды" талап еткен наразылық шарасы өткен. Наразылық шарасына келген ондаған адамды полиция ұстаған.
Қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов Қазақстанда болған митингілерді "мен ұйымдастырдым" деген.