Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шымкентте терроризм айыбымен оқушы сотталды

Мамырдың 15-і күні Оңтүстік Қазақстан облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылының №10 мектеп оқушысы Шахзат Исмаиловты "терроризмді насихаттау" және "діни алауыздық қоздыру" баптары бойынша кінәлі деп тауып, төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.


Бұл туралы Азаттыққа мамырдың 15-і күні ОҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қайрат Қоңырбаев хабарлады.


Оның мәліметінше, айыпталушы сот залынан қамауға алынған. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Адвокаты Нұрлан Қангелдиевтің айтуынша, айыпталушының туыстары сот үкіміне келіспей, апелляциялық сот алқасына шағым түсірейін деп отыр. 




2017 жылы 16 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы департаменті мен ішкі істер органдары бірлесіп, Сайрам ауданының он бір тұрғынын ұстаған. 


Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабының 2-бөлігі ("Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру") және 174-баптың 1-бөлігі ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") бойынша айыптар тағылған еді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus