Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Газа секторындағы қақтығыстан ондаған адам өлді

Газамен шекаралас аумақта Израиль әскеримен қақтығыс кезінде кемінде 55 палестиналық көз жұмды. Қақтығыс мамырдың 14-і күні АҚШ елшілігінің ашылуына орай өткен палестиналықтардың наразылық шарасы кезінде болған.


Газаның денсаулық сақтау министрі наразылық шарасы кезінде оқ-дәрі, көзден жас шығаратын газдан 2700  палестиналықтың жарақат алғанын айтып, бұл 2014 жылдан бергі Газа соғысындағы қанға боялған ең ауыр күн деп мәлімдеді.


Ал Израильдің айтуынша, Газа шекарасындағы “тәртіпсіздік шарасына” 40 мың палестиналық қатысқан. Күштік құрылымдарды қорғай сөйлеген елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху “әрбір ел өзінің шекарасын қорғауға міндетті” деп мәлімдеген.


Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас Израиль әскерінің жасаған “қанды қырғынын” айыптап, үш күндік қаралы күн жариялады.


БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жоғары комиссары Зейд Раад әл-Хусейн Израиль әскери күштері тарапынан жасалған “адам құқығының өрескел бұзылуын” сынады.


14 мамырда Иерусалимде АҚШ елшілігінің ашылу салтанаты өтті. Оған Ақ үйдің жоғарғы кеңесшісі, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы арнайы елшісі әрі Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер қатысқан.


АҚШ президенті Дональд Трамп былтыр Вашингтон екіге бөлінген Иерусалимді Израиль астанасы деп танитынын және АҚШ елшілігін Тель-Авивтен осы қалаға көшіретінін жариялаған. Бұл шешім Вашингтонның Палестина-Израиль проблемасына қатысты саясатын өзгерте бастағанын білдірген.


Палестиналықтар Шығыс Иерусалим өздерінің болашақ мемлекетінің астанасы болғанын қалайды. Израиль Шығыс Иерусалимді басып алып, қаланы өзінің астанасы деп жариялаған. Халықаралық қауымдастық Тель-Авивтің бұл әрекетін құптамайды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus