Мәскеуде 72 жасында ресейлік қоғам қайраткері, саясаткер, солшыл радикалдық «Трудовая Россия» қозғалысының жетекшісі Виктор Анпилов қайтыс болды. Саясаткер инсульттен көз жұмған. Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген Виктор Анпилов Кубада сауда флоты министрлігі жүйесінде аудармашы болды. 1970-1980 жылдары мемлекеттік «Иновещание» қызметінің Латын Америкасы редакциясында комментатор болды.
Анпилов 1990 жылдардың басында саясатқа белсене араласа бастады. Мәскеу қалалық кеңесінің депутаты болып тұрғанында журналистік қызметін жалғастырды. Ол 1992-1993 жылдары президент Борис Ельциннің саясатына қарсылық танытушылардың жетекшілерінің бірі болды. 1993 жылғы қазан айында болған оқиғалардан соң бірақ уақыт қамауда отырды.
Виктор Анпилов Ресей коммунистік жұмысшы партиясын құрушы делегаттардың бірі болды. 1996 жылы ол партия басшылығымен арада келіспеушілік туындаған соң партия қатарынан шығарылды. Анпилов соңы жылдарға дейін солшыл оппозициялық ұйымдардың митингілеріне барып жүрді. Ол бірнеше күн бұрын Мәскеу көшелерінде Ресей коммунистік партиясы атынан Павел Грудининнің президент сайлауына кандидатурасын қолдап, үгіт-насихат жүргізген болатын.