Диқандарға алқаптың оннан бір бөлігіне жаңа дәнді-дақылдарды егу ұсынылып жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Диқандар келешекте өз алқабының 10 пайыздық аумағына элиталы дәнді-дақылды сепсе, өнімділік арта түседі. Бұл туралы ҚР АШМ «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Асқар Наметов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.