Мырзатай Жолдасбеков «Күлтегін» ұлттық орталығын ашуды ұсынды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков елордада «Күлтегін» тарихи-мәдени ұлттық орталығын ашуды ұсынды. Бұл идеясын ғалым қала әкімі Алтай Көлгіновпен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.