Қазақстандық қақпашы Андрей Шутов елордалық «Барыс» командасы құрамынан кетті. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Қақпашы «Барыс» жүйесінде үш жылдан астам уақыт өткізді. Өткен маусымда ол Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында барлығы 2000 минут ойын өткізді. Орташа есеппен әрбір ойында 2,74 шайбаны қақпасына жіберді.
Андрей Шутов 1998 жылы 4 наурызда Өскемен қаласында дүниеге келген.
Ұлттық құрама сапында 2021 жылдан бері ойын көрсетіп келеді. 2024 жылғы әлем чемпионатында ұлттық құрама сапындағы үздік үш хоккейшінің бірі болды.
Айта кетсек, «Барыс» Астана қаласында 14-18 тамыз аралығында шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогы турниріне қатысады.
Биыл он үшінші мәрте жалауын көтеретін турнирге елордалық командадан өзге Ресейдің «Лада» (Тольятти), «Амур», (Хабаровск) клубтары келеді.
Сондай-ақ онда олимпиадалық іріктеудің финалдық кезеңіне қатысу үшін еліміздің ұлттық құрамасы бақ сынайды.
Сообщение Андрей Шутов «Барыс» командасы құрамынан кетті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.