Сейсенбі күні түсте Версаль сарайы шатырының жөнделіп жатқан тұсынан түтін шықты, деп хабарлайды Le Figaro. Версаль сарайында өрттен шыққан түтінді сейсенбі күні сағат 15:13–те қамал шатырын жөндеп жатқан жұмысшылар байқаған. «Өрт король резиденциясының мәрмәр ауласының үстінде басталды», — деп нақтылады Версаль сарайының байланыс бөлімі. Бірнеше интернет қолданушысы әлеуметтік желіде қамалдан будақтап түтін шығып жатқаны көрініп тұрған […]
Сообщение Францияда Версаль сарайы өртенді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.
Сейсенбі күні түсте Версаль сарайы шатырының жөнделіп жатқан тұсынан түтін шықты, деп хабарлайды Le Figaro.
Версаль сарайында өрттен шыққан түтінді сейсенбі күні сағат 15:13–те қамал шатырын жөндеп жатқан жұмысшылар байқаған.
«Өрт король резиденциясының мәрмәр ауласының үстінде басталды», — деп нақтылады Версаль сарайының байланыс бөлімі.
Бірнеше интернет қолданушысы әлеуметтік желіде қамалдан будақтап түтін шығып жатқаны көрініп тұрған видео жариялады.
«Өрт сөндірушілер дереу араша түсті. Олар жалынды тез арада сөндірді», — деп хабарлады құтқару қызметі.
Бұл іске 97-ге жуық өрт сөндіруші жұмылдырылған.
Олар шатырда өрттің алдын алу үшін сонда қалған.
«Ешкім жарақат алмады, коллекцияға зақым келген жоқ», — деді Версаль сарайының байланыс бөлімі.
Сообщение Францияда Версаль сарайы өртенді появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.