Добавить новость

В климовском ДК в Подольске в ходе капремонта сменили подрядчика

Выдворенному из Литвы учителю помогли получить пенсию в Подмосковье

Роскомнадзор направил Twitch требование удалить пронаркотический контент

Выпускники центра по подготовке локомотивных бригад подписали договоры с МЖД



Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

«АЭС референдумы демократиямен дым қабыспайды»

Дмитрий Мазоренко, Назерке Құрманғазинова, Ольга Логинова, Бейімбет Молдағали, Алмас Қайсар, Виктория Натачиева, Власть.

Читайте этот материал на русском.

Read this article in English.

6 қазан күні Қазақстанда АЭС салуға қатысты референдум өтті. Ресми дерек бойынша дауыс бергендер мен станция салуды қолдағандардың үлесі жоғары болғанына қарамастан, бақылаушылар мен қоғам белсенділері нәтиженің шынайылығына күмән келтіріп отыр. Олар дауыс беру кезіндегі заң бұзу мен азаматтардың сайлауға қатысу белсенділігі төмендеп келе жатқанын алға тартады.

Қанды Қаңтар оқиғасынан кейін биліктің берген уәдесінде тұрмауы қазақстандықтардың референдумға үміт арта қоймауына тікелей әсер етті. Президент жариялаған реформаларға қарамастан, азаматтардың саясатқа араласуын шектеу толастамай тұр. Өткен референдум кезінде белсенділерді қамап, жаңа қылмыстық істердің қозғалуы осының бір дәлелі.

Билік референдумды демократияның айқын мысалы деп көрсетуге тырысқанымен, саясаттанушы Досым Сәтбаев пен әлеуметтанушы Серік Бейсембаев билік тек алдын ала қабылданған шешімді бекітті деп санайды. Сарапшылардың ойынша, қоғамдағы наразылықтың артуы мен биліктің ауысуы жақындаған сайын қуғын-сүргіннің көбеюі азаматтардың саяси институттарға деген сенімін төмендетеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салуға қатысты референдум өтетінін 2023 жылғы қыркүйекте хабарлады. Одан кейін жыл бойы үкімет пен жергілікті билік өкілдері сөзін сөйлейтін сарапшылардың қатысуымен қоғамдық талқы ұйымдастырды. Жыл соңында энергетика министрлігі қоғамдық тыңдауға еш қатысы жоқ екенін, оны мемлекетке жақын «Қазақстанның азаматтық альянсы» ұйымдастырғанын айта бастады.

Мұндай шаралардың бәрінде электр энергиясын тұтыну көбейгеннен елдің энергетикалық қауіпсіздігі үлкен қатерде тұрғанын алға тартумен болды. АЭС салмасақ, халық саны мен экономиканың өсуі елдегі электр энергиясының тапшылығына әкеледі деген ақпарат айтылды.

Сөйте тұра билік энергетикалық дағдарысты шешудің ешқандай да балама нұсқасын ұсынған жоқ, қарсы тараптағы сарапшылардың ұсынысы да елеусіз қалды.

Референдумға бірнеше күн қалғанда Қазақстанның бірнеше өңірінде полиция АЭС құрылысына қарсы шыққан 40-қа жуық белсендіні ұстап әкетті. Олардың он екісінің үстінен қылмыстық іс қозғап, 1 қазанда бесеуін «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген күдікпен екі айға қамауға алды.

Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, бұл іс құпия түрде қаралмақ, ал адвокаттардан іс материалдарын жарияламау туралы хаттамаға қол қоюды талап еткен.

Референдумның ресми нәтижесіне сәйкес, дауыс беруге қатысқан 5,5 млн адам (71,12%) АЭС салуды қолдаған. Тәуелсіз бақылаушылар дауыс беруге қатысқан адамдар саны (ресми дерек бойынша 63,6%) мен нәтиженің шынайылығына күмән келтіреді. 

Референдумға дейін үкіметтік емес ұйымдар дауыс беруді бақылау науқанын қаржыландыру мәселесіне тап болды. Бірақ олардың азын-аулақ ресурсының өзі ресми нәтиженің шындыққа сай келмейтінін көрсетуге жеткілікті болды.

Алматыда 65 сайлау учаскесінде бақылау жүргізген «Тәуелсіз бақылаушылар» қоғамдық бірлестігінің дерегінше, осы учаскелерде халықтың дауыс беруге қатысу көрсеткіші 15,9% ғана болған. Ал Оралдағы 71 учаскеде дауыс беруді бақылаған «Жария» және «Абырой» ұйымдары қатысу белсенділігі 39% болғанын мәлімдеді. Екі қаладағы тәуелсіз бақылаушылардың дерегі бойынша, АЭС салуға қарсы және қолдап дауыс бергендер саны шамамен тең болған. 

Бақылаушылар тіркеген заң бұзу деректері де референдум нәтижесіне күмән келтіруге жетелейді.

Мысалы, Түркістан облысының Темірлан ауылында «Ұлы көш» қорының бақылаушысы Берік Әбенов комиссия мүшесінің бірнеше бюллетенді жәшікке салып, қашып бара жатқанын видеоға түсіріп алған.

Түркістан қаласындағы тағы бір сайлау учаскесінде «Ұлы көш» бақылаушысы Құрал Сейітханұлы бір адамның жәшікке 5-6 бюллетень салмақ болғанын байқап, комиссия төрағасына хабарлағанымен, ол ешқандай әрекет етпеген. Прокуратура да бұл істі қараусыз қалдырды.

Сейітханұлын да кейбір тәуелсіз бақылаушылар секілді сайлау учаскесінен шығарып жіберді. «Егер осындай сұмдықтарды көріп отырып үнсіз қалсам, мен несіне бақылаушы болып отырмын?» – деп жазды Сейітханұлы Facebook парақшасында.

Десе де, «Ұлы көш» дауыс беру кезінде байқаған заң бұзу деректері бойынша сотқа шағым түсірмейді. «Власть» тілшілеріне қор жетекшісі Ақлима Пернееваның айтуынша, 2023 жылғы парламент сайлауынан кейін оның Шымкенттегі заң бұзу туралы арызы қаралмаған. Сондықтан ол бұдан ештеңе шықпайды деп санайды.

Тағы бір жағдай Астанада бақылаушы болған журналистер Лұқпан Ахмедьяров пен Рауль Упоровқа қатысты. Оларды басқа бақылаушылардың актісі негізінде учаскелік комиссия төрағасының мөрі қойылған құжатпен учаскеден шығарып жіберді.

Ахмедьяров пен Упоров бірлесіп жұмыс істеген «Еркіндік қанаты» қоры мұны заңға қайшы деп санайды: «Шығару тәртібі [сайлау туралы заңда] анық көрсетілген. Лұқпан мен Раульді шығарып жіберуге ешқандай негіз жоқ. Бұл шешім заңсыз қабылданған. Мұндай актілердің заңды күші жоқ, өйткені байқаушылардың басқа әріптестерін шығару туралы өтінішхат беруге құқығы жоқ».

Сондай-ақ қор Астанадағы сайлау учаскелерінің бірінде белгісіз екі ер адам бақылаушыны ұстап алып, залдан күштеп шығармақ болғанын хабарлады. Бірақ учаскелік комиссияның төрағасы мен мүшесі бақылаушыны жақтап, кұтқарып қалған.

«Қазақстан жастар ақпараттық қызметінің» жетекшісі Ирина Медникованың айтуынша, ұйымға қарасты «Жас сайлаушылар лигасы» бес қаладағы 35 сайлау учаскесіне байқаушыларды жіберген. Оның көбі Алматыда бақылау жүргізген, мұнда өрескел заң бұзу тіркелмеген.

Суретті Алмас Қайсар түсірген 

«Өңірлерде қысым көбірек, ал айтысып-тартысып, дәлелдеуге мүмкіндік азырақ болды. Бақылаушы әлі тәртіп бұзуды тіркемеген болса да, оған қысым жасалуы мүмкін. Бір қалада біздің бақылаушымызға жұмыс орнындағы басшыларын шақырған. Егер бірдеңе болса, жұмысыңа әсер етеді дегендей ескерту жасаған», – дейді Медникова.

Азаматтық қоғамның ұйымдасуы осал

Өткен референдумда қазақстандықтардың АЭС туралы қоғамдық талқыға араласуы да, дауыс беру процесіне қатысуы да нашар болды.

Экологиялық құқық маманы, «АЭС Керек Емес» платформасын құрушылардың бірі Вадим Ни талқы мен әлеуметтік желіде референдум төңірегіндегі қызу пікірталас болғанына қарамастан, атом электр станциясының құрылысына қарсы кампанияға азғантай топ қатысқанын айтады.

«Тіпті Алматыдағы белсенділер қауымы да соңғы күні дауыс беру барысын бақылаумен шектелді. Өкінішке қарай, белсенді қатысу болған жоқ. Белсенділердің басы бірікпейді. Әркім бірдеңе жасап жатыр, бірақ жеке-дара. Үлкен қоғамдық құрылым жоқ», – деді ол.

«Еркіндік қанаты» қорын құрушылардың бірі Роман Реймер де бұнымен келіседі: «Референдумға дайындық кезінде атом электр стансасының құрылысына қарсы болғандар арасында ұйымдарды тіркеуге және коалиция құруға деген жеке әрекеттерді ғана көрдім».

Вадим Ни халықтың қатысу көрсеткіші төмен болуын үгіт-насихатқа уақыт аз болғанымен түсіндіруге болады дейді. Нақты күн белгілі болғаннан кейінгі бір ай мұндай ауқымды тақырыпты егжей-тегжейлі талқылауға жеткіліксіз.

Реймер халықтың елге АЭС қаншалықты керек екенін өз бетінше шешетіндей жеткілікті білімі жоқ деп санайды. Ол бұл мәселе бойынша референдум қажет екеніне де күмәнмен қарайды.

Осы проблемалар мен дауыс беру процесінің аяқталғанына қарамастан,

«АЭС керек емес» платформасы жұмысты жалғастыра беруге ниетті. Платформа өкілдері қаржыландыру көздері мен тәсілдерінен бастап, қандай технология қолданатынына дейін құрылыс жобасының егжей-тегжейін қарастырмақ.

«АЭС тақырыбы референдуммен бітпейді. [Жобаны іске асырудың] барлық кезеңінде жұртшылықтың қатысу рәсімдері бар, оның негізгісі – қоршаған ортаға әсерді бағалау. Кез келген кезеннің бірінде жобаны тоқтатуға болады», – деп түйіндеді Ни.

Саяси жүйеге деген сенімді жоғалту

Қоғамдық талқылар кезінде шенеуніктер АЭС құрылысы мәселесін референдумға шығаруды демократияның көрсеткіші деп атап келді. Ал Қазақстан мұндай қадамға бара алатын аздаған елдің бірі десті. 

Ақорда баспасөз қызметінің суреті

Саясаттанушы Досым Сәтбаев өткен референдумның шынайы демократиямен еш қабыспайтынын айтады. Оның сөзінше, референдум – авторитар режимдегі елдердің демократия иллюзиясын құрудағы ең сүйікті тәсілі. Қазақстанда бұл бұрын «Еститін мемлекет», «Жаңа Қазақстан» сияқты ұрандармен көрініс тапты.

«Бұл – Қазақстан тарихындағы төртінші, ал қаңтардан кейінгі екінші референдум. Оның бәрін билік қабылданып қойған шешімді заңдастыру үшін қоғамның ойына манипуляция жасау құралы ретінде қолданып келеді. Дауыс беруге дайындық кезеңінің өзі референдумның өзіне де, биліктің шешімдеріне де қарсы азаматтарды қатаң бақылау әрі қысымға алу арқылы қолмен жүргізілді», – деп атап өтті ол.

Әлеуметтанушы Серік Бейсембаев осыған ұқсас пікір айта отырып, халықтың 63,6 пайызы дауыс берді деу шындыққа сай келмейді дейді. Оның байқауынша, бұған дейінгі сайлау науқандары сайлауға қатысудың тұрақты түрде төмендеп жатқанын көрсеткен. Тек биліктің Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан Тоқаевқа өтуін рәсімдеген 2019 жылғы президент сайлауын ғана ерекше атап өтуге болады, ол кезде қоғамның айтарлықтай бөлігі біріккен еді.

«Референдум төңірегінде ешқандай шиеленіс болған жоқ. Әртүрлі деңгейдегі үкімет өкілдері президенттің ұстанымын айтып, атом электр станциясына дауыс беруге шақырды. Қоғам басшылықтың шешім қабылдап қойғанын түсінді. Адамдар бұл туралы әлеуметтік желілерде де, күнделікті өмірде де айтты. Бұл қарама-қарсы пікір білдірген азаматтарға ен тағуға да әкелді. Оларды патриот емес, “Әблязовтың жандайшабы” деп атады», – дейді әлеуметтанушы.

Бейсембаев халықтың референдумға белсенді қатыспауын Қанды Қаңтардан кейін орындалмаған уәделерге байланысты халықтың көңілі қалуымен түсіндірді. Сол кезде Тоқаев жаңа саяси партиялар пайда болады, халық саясатқа тікелей араласатын болады деп жаңа саяси реформалар жүргізуге уәде берген. 

Ақорда баспасөз қызметінің суреті

«Назарбаев кезіндегі нәрселер бүгінімізге дейін өтті. Біздің авторитар жүйедегі референдум мен сайлау қоғам саясатының емес, саяси технологиялардың құралы болып қалды. Сондықтан кез келген белсендіге бағытталған қатаң қысымды, тәуелсіз экзит-полдардың жоқтығын көріп отырмыз», – деген ой қосты Сәтбаев.

Бейсембаев Demoscope бюросымен қосылып телефон арқылы сауалнама жүргізуді жоспарлаған. Бұл халықтың қатысуы және АЭС құрылысын қолдау деңгейі туралы балама мәліметті көрсетер еді.

«Біз бұл бас тартуды цензура, тәуелсіз зерттеу ұйымының жұмысын шектеу ниеті деп білеміз. Бүкіл жүйе медиа кеңістікті бақылауға және тәуелсіз ақпарат көздерін басып-жаншуға жұмылып отыр деп санаймын», – дейді Бейсембаев.

Сәтбаев биліктің бұл қылығына қоғам алдындағы үрей себеп дейді. Қаңтар оқиғасынан кейін оның деңгейі жоғары болса, билік ауысуы жақындаған сайын үдей түседі.

«Тоқаев Конституцияны өзгертіп, билігін ұзарта ма, әлде ізбасар таба ма, қазір элита осыны талқылап жатыр. Құрылысты белсенді түрде қолпаштау Тоқаевтың болашақта атом электр станциясы арқылы қауіпсіздікке кепіл болғысы келетінін көрсетеді. Құрылыс 5 жылдан 10 жылға дейін созылады, бұл билік транзитіне тұспа-тұс келеді. Құрылысты жүргізетіндер жүйенің тұрақты болып тұруына мүдделі», – деп санайды ол.

Саясаттанушы транзит аясында референдум кезінде пайда болған қуғын-сүргін күшейеді деп күтеді. Сәтбаевтың сөзіне қарағанда, Қаңтар оқиғасы әлеуметтік қақтығыстың элиталар ішіндегі қақтығысқа қалай әсер ете алатынын көрсетті. Сондықтан билік қоғам ішінде наразылық білдіретіндермен барынша күреседі, өйткені олар тұрақсыздыққа алып келеді деп санайды.

Бейсембаев саяси алаңдағы тоқырау мен авторитаризмнің күшеюіне байланысты сайлау институтына сенімсіздік күшейе түседі деп болжайды.

«Толығырақ айтсақ, Қазақстанның барлық саяси жүйесіне сенім деңгейі төмендеп келеді. Біз қазір Назарбаев кезіндегі жүйеге оралдық. Бұл болашақ наразылықтың бір белгісі. Өйткені адамдар саяси жүйеге сенбесе, оны әділетсіз әрі тиімсіз деп санаса, радикал әрекетке жақынырақ болады», – деп қорытындылады әлеуметтанушы

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

6 тыс гектаров неиспользуемых земель ввели в оборот аграрии Подмосковья

Укомплектованность медицинскими кадрами в больнице Лыткарина достигла 88%

Пензенская область – в лидерах по баллам ЕГЭ и качеству образования

Щелковские рентгенологи проводят диагностику плода с 18 недель беременности

Музыкальные новости

На Форуме экологического благополучия оценили преимущества строительства домов из CLT-панелей

Театр из Лосино-Петровского принял участие в международном фестивале

В Подмосковье при силовой поддержке СОБР Росгвардии задержан подозреваемый в незаконном обороте кокаина

«Ты водишь!» на «Авторадио – Санкт-Петербург»

Новости России

Казак рассказал, что под Раменским его избил таксист якобы за отказ расплатиться

Призывную комиссию успешно прошли 48 реутовчан

На встречах были несовершеннолетние: RT узнал подробности о деятельности женского коуча, арестованного за изнасилование

Роскомнадзор направил Twitch требование удалить пронаркотический контент

Экология в России и мире

Отличный выбор для электромоторов: питание для приключений с низкотемпературной литиевой батареей Power Queen 12V 280Ah для циклической работы

Приглашаем на VII Большой детский фестиваль

В Великом Новгороде пройдет Международный образовательный фестиваль «Открытое искусство»

В филиале «Северный» ООО «ЛокоТех-Сервис» состоялось награждение участников строительства Байкало-Амурской магистрали

Спорт в России и мире

Фриц назвал смешным поведение Медведева в матче Итогового турнира

Александр Зверев: «В долгосрочной перспективе здоровье игроков под угрозой из-за тех мячей, которые мы сейчас используем»

Скандальное поражение «Барселоны», Синнер обыграл де Минора. Главное к утру

Медведев получил предупреждение за разбитую ракетку в матче с Фрицем на Итоговом турнире

Moscow.media

Красноярцы представят свои социальные проекты на конференции «Спорт и общество: энергия изменений»

Филиал № 4 ОСФР по Москве и Московской области напоминает: Социальный фонд проинформирует самозанятых о формировании пенсионных прав

ChatGPT обвалил акции платформы для помощи с домашними заданиями на 99%

Ожидаемые новинки на автозаводах РФ











Топ новостей на этот час

Rss.plus






Более 20 новых табличек о запрете выхода на лед установили в Истре

6 тыс гектаров неиспользуемых земель ввели в оборот аграрии Подмосковья

Выпускники центра по подготовке локомотивных бригад подписали договоры с МЖД

На встречах были несовершеннолетние: RT узнал подробности о деятельности женского коуча, арестованного за изнасилование