Добавить новость

Москвичам рассказали о мерах поддержки участников СВО и их семей

Российский легкоатлеты и пловцы планирует участвовать в Паралимпиаде-2024 от Федерации слепых

Тигренок в продуктовом: в Москве изъяли экзотическое животное у владельца без документов

Во «Внуково» пассажир пересел на стыковочный борт прямо на летном поле



Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

«Матчқа бару үшін жұмыстан кеттім»


«Матчқа бару үшін жұмыстан кеттім»

Өзінің 60 жылдық ғұмырында Астананың «Жеңіс» футбол клубы банкрот та болды, атынан да айырылды, тіпті жабылып та қалды, бірақ ешқашан жанкүйерлерінің сенімі мен қолдауын жоғалтқан емес. 2014 жыл мен 2021 жыл аралығында жоқ болған клуб былтыр Қазақстан футболының жоғарғы лигасына оралды.

Клубтың оралуына оны ұмытпаған, оны жаңғырту үшін күрескен жанкүйерлер маңызды рөл атқарды. Власть жанкүйерлермен Астана тарихы үшін клубтың маңызы және футбол олардың өмірін қалай өзгерткені жайында әңгімелесті.

«Мен қайда бара жатқанымды білген жоқпын, бар білетінім — ол жақта менің командам ойнайды»

«Мен ешқашан футболға қызыққан емеспін, маған бұл біртүрлі көрінетін», — деп мойындайды астаналық Бақберді Төлепберген. Бірақ қазір оған қарап, олай демес едім: біз Бақберді аспаз болып істейтін мейрамханада отырмыз, басына униформасының бір бөлігіне айналған астаналық «Жеңіс» футбол клубының эмблемасы бар кепка киген.

20 жылдан бері жанкүйер болып келе жатқан Төлепберген «Жеңістің» матчына алғаш рет 2005 жылы барған. Ол әріптесі шақырған соң, әрі басқа істейтін ісі болмағандықтан матчқа барған. Ойын Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтті, биыл ол стадион сүрілмек. Матчта не болғаны да, команданың қарсыласы да Бақбердінің есінде қалмаған, десе де мұнда қайта-қайта келуге себеп болатын эмоция есінде қалды.

«Маған футболдың, матчқа дейін екі сағат ерте жиналатын жанкүйерлердің атмосферасы ұнады. Кейін менің досым үйленіп, оның футболға мұршасы болмады, ал мен жалғыз зеріге бастадым: команда ұтқанда, гол салғанда қуанышыңа ортақтасатын ешкім жоқ. Футбол деген - эмоция, тойлағың келеді, біреумен құшақтасқың келеді», — дейді Төлепберген. 

Бақберді Төлепберген, фото автордыкі

Бір күні ойын аяқталған соң Акбар деген жанкүйер келіп, Бақбердіден жиналысқа неге келмей жүр деп әлдекімді сұрады. Ол  абдырап қалып, кім туралы сұрағанын ұға алмайды, бірақ сонда да “келесі жолы келеді” деп жауап береді.

«Осылайша мен Legion Ultras фанаттар қозғалысының құрылғанына куә болдым. Сонау 2007 жылдан бері біз әлі де араласамыз. Сол кезде ортақ әуестігі бар адамдардың жай ғана тобы болатын», — деп еске алады Төлепберген.  

Ультрас — команда-клубтарын немесе ұлттық құраманы қолдаумен айналысатын, жанкүйерлерден құралған ұйымдасқан топ. Ол «футболға жай ғана келіп, трибунада бірге тұрған» адамдар қазір бас қосып, футболдан өзге нәрсені де талқылай алатын нағыз достарға айналдық дейді. Футбол түрлі топтың адамдарын біріктіре алған.

Сол кезде Legion Ultras қозғалысының сайты да пайда болып, онда жанкүйерлер матчқа қатысты жоспарларды, сапарлар мен перфоманстарды талқылайтын.

«Ол кезде интернет те, компьютер клубтары да барлық жерде бола бермейтін. Мақпал деген жанкүйерлердің бірі менің үйіме жақын жерде бухгалтер болып істеді, оның жұмысында компьютер бар еді. Бізді талқылауға қатыссын деп ол офисіне шақыратын», — деп еске алды сол жылдарды Төлепберген. 

фото Legion Ultras

2012 жылы Төлепберген клуб матчының бәріне дерлік қатысып, «сапар маусымының алтыны» атанды (бір жанкүйер клубтың сыртта өткізген барлық матчтына қатысқанда беріледі). Сол маусымда ол клубтың үйдегі екі матчына ғана әжесі қайтыс болғандықтан қатыса алмады.

Жұмысы матчтарға қатысуға кедергі болғандықтан ол тұрақты жұмысынан кетіп қалған. Осылайша ол 15 мамырдан 20 қарашаға дейінгі аралықта клубтың сырттағы 14 матчына қатысып үлгерді. Бастапқыда мұндай мақсат қоймағанмын, дейді Төлепберген.

«Астаналық дерби (бір қаланың екі клубы арасындағы матч) кезінде трибунада жанкүйерлер арасында қақтығыс болды. Бізді ОМОН қызметкерлері ажыратып, полиция бөлімшесіне апарды, сол жақтан қыспаққа алды. Ернім жырылып, достарымның үйінде қалып қойдым, өйткені осындай түріммен үйге барғым келмеді. Оқиға 2012 жылы 15 мамырда болды, сол кезде сырттағы матчтарға барамын деп шештім», — дейді Төлепберген.

Оның есінде сүйікті командасына ілесіп барған Қазақстанның әр түкпіріндегі сапарларынан көптеген жағымды естелік қалған. Ең есте қалғаны — Қаратауға сапары, Жамбыл облысындағы шағын қалаға ол Тараз арқылы жалғыз барған. Жол-жөнекей таксиде матч инспекторын кезіктіреді, ол Бақбердінің клуб мойынорағышын көріп, кері қайту оңай болмайтынын ескертеді, өйткені кешке машиналар тек Қаратау бағытына қарай жүреді. Бірақ матчтан кейін клуб жалғыз жанкүйерін өздері алып кетеді.

«Мен қайда бара жатқанымды білген жоқпын, бар білетінім — ол жақта менің командам ойнайды. Бұл матчта бір қызық жағдай болды: сырттағы матчқа басқа қаладан жанкүйерлер барған кезде қақтығыс болмас үшін оларға жеке күзет бөлінеді. Маған бір жас лейтенантты бөлді, бірақ ол көзден таса болып кетті. Бір кезде біздің команда гол соққанда менің жағыма қарай 7-8 денелі жігіт келді. Менен қай жақтан екенімді, жалғызсың ба деп сұрады. Мен сескеніп, бірдеңе болады-ау деп ойладым, алайда біреуі қолымды алып: «Сөз жоқ, Қаратауда қанша тұрсам да бізге өз командасына жақтасуға сапарлап, жанкүйер болып келген адамды бірінші рет көруім» деді», — деп күліп еске алды Төлепберген.

Дегенмен қақтығыстар да болып тұратын. Алматылық «Қайрат» жанкүйерлерімен жиі болатын. Бақберді жанжал 2008 жылы көктемде, Алматыда болған матч кезінде қайраттықтар «Қайраттың» жалауын астаналық жанкүйерлердің микроавтобусына ілген кезден басталды деп санайды.

«Марқұм досым Серік екеуміз Алматыға матчқа барып, сол жақтан “Қайраттың” он шақты жанкүйерінен таяқ жегеніміз есімде. Осындай құраммен барған өзімізден де кінә бар. Есесіне біз енді бір-бірімізді «жылы» қабылдап жүрміз. Әйтсе де жанкүйерлермен достасып та жүрміз, мысалы Ақтөбе мен Семейді айтуға болады. Легион Ультрас пен «13 сектор» (“Ақтөбе” клубы жанкүйерлерінің бірлестігі — В.) арасындағы достық туралы білемін. Қалай достасқанын білмеймін, бірақ оны жалғастырғандардың бірі өзім. Мен Ақтөбеге жиі бардым, ол жақта сүйген қызым тұратын, ол да жанкүйер. Тіпті Ақтөбе — Тобыл матчында оған ұсыныс тастадым», — деді Төлепберген.  

Youtube-тегі The Same Football арнасының видеосынан скриншот

Клуб қалай жабылды?

2008 жылы сол кезде «Астана» деп аталған «Жеңіс» қаржы қиындығына ұрына бастады. Клуб ақыры таратылды, алайда жергілікті бизнесмендер көмегімен ол «Намыс» клубы деп қайта құрылды.

Клуб төменгі лига дәрежесіне түсіп, 2009 жылғы маусымды Бірінші лигада бастады. 2010 жылдан бері клуб қайтадан «Астана» деп аталды.

2008 жылдың соңында Астанада екі алматылық клуб — «Мегаспорт» пен «Алматы» командаларын біріктіру арқылы «Локомотив» деген жаңа футбол клубы құрылды. Ол Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрған Президент кәсіби спорт клубының аясында жұмыс істеді. 2011 жылы маусым қызып тұрған шақта «Локомотив» атын «Астана» деп өзгертті, бұған қалада дәл сондай клуб бар екені кедергі болған жоқ. Жанкүйерлер наразы болды, бірақ түпнұсқа «Астана» («Жеңіс») атын «Астана-1964» деп өзгертуге мәжбүр болды.

2014 жылы қала билігі «Астана-1964» командасына қолдау көрсетуді доғарды, клубтың 50 жылдық тарихын «Астана» президент клубына («Локомотив») артуға тырысты. Астананың сол кездегі әкімі Әділбек Жақсыбеков қала үшін екі клубтың шығынын көтеру қымбат деді, тарихи клубты «бұрыс жоба» деп атап, оны президент командасының фарм-клубы қылуды ұсынды (бас команданың дубль немесе резерв құрамы - В.) Ақырында 2014 жылы астаналық клуб таратылды.

«Біз БАҚ арқылы шу көтермек болдық, бірақ жоғарыдағы адамдар клубты жабуды шешсе, 30 адам не істей алады?! «Жеңіс» — Чемпиондар лигасының матчына қатысқан Қазақстан тарихындағы алғашқы клуб (2002 жылы молдовалық «Шериффке» қарсы — В.). Билік біздің клубтың қарызын өтеп, тарихы бар біздің клубтың базасында суперклуб құра алар еді, бірақ басқа жолды таңдап, жаңа клуб құрды», — дейді Төлепбергенов.

Қазақстанның футболдан үш мәрте чемпионы, осы клубтан шыққан аңызға айналған ойыншы, қазір қала мәслихатының депутаты Давид Лория сол кезде клубты жабу туралы шешімге ықпал ету «тым қиын, тіпті мүмкін емес» болды дейді.

«Төбеден жай түскендей болды. Отбасымызбен түгел уайымдадық. Әлеуметтік желілердің заманында болғанда, Астана тұрғындары бұған жол бермес еді», — деп санайды Лория.

«Жанкүйері болса, клуб та бар»

Клуб тарағаннан кейін жанкүйерлер шенеуніктерге үндеу тастап, видеоүндеу жазып бір жыл бойы нәтижесіз күресумен болды. 2015 жылы Legion Ultras мүшелері қозғалысты таратуға шешім қабылдады. Қазақстан құрамасын қолдаушылардың дәстүрлі түрде өзегіне айналған жанкүйерлер Alash Ultras қозғалысын құрып, құрамаға белсенді түрде қолдау көрсетуді жалғастырды.

«Команда өз аты үшін алаңда күрессе, біз одан тыс жерде күресеміз. Ойын кезінде жанкүйер футбол мен біз ұйымдастыратын шоуды көргісі келеді», — дейді Legion Ultras мүшелерінің бірі, ол қауіпсіздік мақсатында өзін Gi деп таныстырды.

«Астана Аренадағы» жөндеу жұмыстарына байланысты футбол клубы матчтарын Қарағандыдағы «Шахтер» стадионында өткізеді. Клуб жанкүйерлер үшін астанадан автобуспен қатынауды ұйымдастырады. Ультра өкілдері ол жерге бөлек келеді. Фото «Жеңіс» футбол клубының баспасөз қызметінен алынды. 

Gi-дің айтуынша, 2011 жылы қозғалысқа қосылу рқасында дос болуды, дәстүрге адал әрі берік болуды үйренген. Ол ультрастың фан-клубтардан айырмашылығы — тәуелсіздігі дейді.

«Фан-клубтарда бәрін клуб басшылығы шешеді — сапарға, фан-клубтың жұмыс істеп тұруына, тегін атрибутикасына дейін ақша бөледі. Ультрас ешкімге тәуелді емес, акция, перформанс өткізу және сапарға шығу, бәрін өз қалтасынан төлейді. Осылайша тәуелсіз қауымдастыққа клуб та, билікшіл құрылымдар да қысым көрсете алмайды», — дейді жанкүйер.

6 жыл бойы ультрас қозғалысының және Қазақстан футбол картасында клубтың болмауы жанкүйерлер буыны арасындағы байланысты үзді. Gi қозғалысқа жаңа мүшелер тарту қиындай түскенін мойындады. Қазір қозғалыстың Legion Young Crew Ultras жас қанаты бар.

«Ұрпақтың алмасуы түрлі аспектілерге әсер етеді, оның ішінде басқа қалалармен, клубпен, ойыншылармен, өзара қарым-қатынас та бар. Уақыт өтіп жатыр, тарих сол күйі қалса да, олар стадионға және матчқа не үшін бара жатқанын түсінуі керек», — дейді Gi.

фото jenisfk.kz сайтынан

Ол құқық қорғау органдары қазір бүкіл Қазақстан көлемінде ультрас қауымдастықтарды қатаң бақылауға алып, оларды жағымсыз кейіпте көрсетіп жатқанын ерекше атап өтті.

«Олар өз клубын қолдайтын қарапайым жанкүйерлер. Биыл ультрастың кейбір өкілдеріне қысым көрсетіп, әкімшілік айыппұл салу, 15 күнге қамау үрдісі пайда болды», — дейді ол.

Арнұр Асхат Легионға 2008 жылы қосылды, жарты ғасырлық мерейтойға орай ол бір нәрсе істегісі келген, сөйтіп 2014 жылы кітап шығаруға бел буады.

«Бұл бағыт бойынша менде білім мен тәжірибе болған жоқ, алайда менің талпынысым мен сенімім мол болды. Бір сағаттан кейін мен «Астана-1964» ФК президенті Ғалым Ибраевтың кабинетінде отырдым. Әңгіме қысқа болды», — деп еске алды Асхат.

Асхатты клубтың президент кадрлар бөліміне жанкүйерлермен жұмыс менеджері ретінде жұмысқа алады.. Алайда екі айдан соң Асхат жұмыстан шығуға шешім қабылдап, кітап жұмысын ақысыз атқарды.

«Мен клуб әкімшілігінің емес, трибунаның өкілі болғым келді», — дейді Асхат.

Сегіз айдан кейін 358 беттік «Астана футбол командасының бүкіл тарихы» деген кітап шықты, тиражы 500 дана болды. Кітап авторы — клубтың 40 жылдығына «Динамодан Жеңіске дейін» кітабын жазған спорт журналисі Жамал Тангиев. Мұқабасының дизайнын Легион мүшесі жасады.

Фото автордыкі

Қаланың мәдени кодының бөлшегін қайтару

2021 жылы астаналық клуб жаңғырып, Қазақстанның Екінші лигасында ойнай бастады. Жаңғырту туралы әңгіме пандемияға дейін де айтылып жүрген болатын, дейді клубтың оралуына үлкен үлес қосқан Давид Лория.

«Мен ойнап жүрген кезде клуб фанаттары маған келіп: «Давид, сізден басқа ешкім бұны істемейді. Біздің «Жеңісті» қайтаруға көмектес» деді. Мен сол кезде жай футболшы едім, мен не істей аламын? Сондықтан жанкүйерлерге бұл мәселемен мансабым аяқталған соң бірден айналысамын деп уәде бердім. Футболмен қоштасқанда жанкүйерлер сол уәдені есіме салды», — деп еске алды ол.

Сол кезде жанкүйерлер, журналистер, Лорияның өзі және «Жеңістің», Қазақстан құрамасының тағы бір бұрынғы футболшысы Максим Жалмағамбетов бастамашыл топ құрып, әкімдікке клубты жаңғырту туралы ұсыныс тастады. Лорияның айтуынша, олар бастамашыл топты тыңдап, идеядан бас тартпаған, алайда «қазір емес» деп жауап берген.

«Сосын пандемия басталды. Қалаға ғана үміт артып отыру дұрыс емес екенін, өзіміз әрекет етуіміз керек екенін түсіндім. Ақыры 2021 жылы ақпанда біз клубты жаңғырттық. Менің жинаған бірер қаражатым болды, соны клубтың алғашқы жылына жұмсадым. Сол жылы біз ақпарат алаңында жақсы жұмыс істеп, демеушілердің қызығушылығын ояттық. Бізді бірнеше компания қолдады, арасында Freedom Holding бар», — деді Лория.

Қала әкімдігі клубқа былтырдан бастап қолдау көрсете бастаған. 2023 жылы «Жеңіс» араға 15 жыл салып Қазақстан премьер-лигасына оралды.

«Клуб ұзаққа оралды деп үміттенем. Енді жоғалмауі тиіс. Көп кешікпей астаналық тұрғындар өз командасы үшін мақтанатын болады, ол қазақстандық футболдың алдыңға қатарында жүреді деген сенімдемін. Ол қаланың мәдени кодының бір бөлшегі десек артық айтқандық емес. 1964 жылдан бері менің туған қалам осы клубқа жанкүйер болып келеді. Әлі де солай бола береді деген үмітім бар», — дейді Лория.

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

Зaκулиcьe οбмeнa. Πο ɜaпaднοй вepcии κлючeвοй пepeгοвοpщиκ – Шοльц, нο нe οбοшлοcь и бeɜ Aбpaмοвичa

Житель Краснодарского края заехал в Чувашию и сел в тюрьму, оставшись без машины и денег из-за своего преступления

Российский легкоатлеты и пловцы планирует участвовать в Паралимпиаде-2024 от Федерации слепых

Во «Внуково» пассажир пересел на стыковочный борт прямо на летном поле

Музыкальные новости

Собянин: «Москва 2030» — масштабный диалог с москвичами о будущем города

Отходы из нижегородских поездов начали сортировать с помощью нейросетей

Ранняя версия Summon and Merge 2 доступна в Google Play 1 страны

«Я в шоке. Как это вообще пройти?» Четвертьфинальное испытание ошарашило участников шоу «Титаны» на ТНТ

Новости России

Пугачева отметилась новой лицемерной фразой. Лучше всего про нее сказал Паулс

О чем молчит актриса Мария Берсенева

Москвичам рассказали о мерах поддержки участников СВО и их семей

Во «Внуково» пассажир пересел на стыковочный борт прямо на летном поле

Экология в России и мире

Кабинет Артиста.

Коллекция Pennyblack FW-2024/25 (осень-зима 2024)

Коллекция Marella FW-2024/25 (осень-зима 2024)

«Надо отдать моему папе должное – он меня тогда не убил». Сергей Белоголовцев рассказал о том, как не поступил в институт в шоу «Вкусно с Анфисой Чеховой» на ТВ-3

Спорт в России и мире

«Несмотря на возраст, они понимают игру»: Морозова — о выходе Шнайдер и Андреевой в полуфинал Олимпиады в Париже

Казахстанский теннисист высмеял решение ATP

Финалистка Уимблдона Паолини не смогла выйти в четвертьфинал Олимпиады-2024

Даниил Медведев сыграет в 1/8 финала Олимпиады-2024 в Париже

Moscow.media

iSpring добавила субтитры в конструктор курсов iSpring Suite

Ленинградский «Метеор»

Военные следователи провели рейд по бывшим мигрантам в Феодосии

На Ямале мужчину будут судить за убийство коллеги топором с пожарного щита











Топ новостей на этот час

Rss.plus






Зaκулиcьe οбмeнa. Πο ɜaпaднοй вepcии κлючeвοй пepeгοвοpщиκ – Шοльц, нο нe οбοшлοcь и бeɜ Aбpaмοвичa

Порядка 100 мастер-классов прошли на вернисаже на Никитском бульваре с начала лета

Боксер из подмосковной Балашихи заступился за мужчину в Крыму и лишился зрения

Российский легкоатлеты и пловцы планирует участвовать в Паралимпиаде-2024 от Федерации слепых