Добавить новость

Конфликт на Ближнем Востоке не влияет прямо на курс рубля

Депутат заявил, что следует ужесточить контроль за цыганскими группировками в РФ

Горожанам рассказали о первом беспилотном трамвае России

Ефимов: свыше 400 жителей Войковского района переезжают в дом по реновации





Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Франция үлкен өзгерістің алдында тұр

Эммануэль Макронның центристік блогының экономикалық сәтсіздігінен кейін Франция халқы саяси баламаға көбірек назар бұра бастады. Сондықтан дауыс беру нәтижесін болжау қиын болды, әлі де солай. Бірінші турдың қорытындысы бойынша Марин Ле Пен жетекшілік ететін әсіреоңшыл «Ұлттық бірігу» партиясы қазірдің өзінде парламентте біраз орынға ие болды.

Францияда не болып жатыр?

Әсіреоңшылдардың Еуропа парламентін сайлаудан кейін нығайып алуы Франция президенті Эммануэль Макронның күтпеген жерден 9 маусымда парламентті таратуына түрткі болды. Жаңа сайлаудың бірінші туры 30 маусымда өтті, екіншісі 7 шілдеде өтеді.

Екінші турдың нәтижесіне қатысты болжамдар Ле Пеннің партия мүшелері бұл жолы да көпшілік орынға ие бола алатынын көрсетеді. Дегенмен, «Халық шебіне» біріккен солшыл күштер оларға елеулі бәсекелес бола алады.

Франция азаматтары Макронды негізінен деструктив саяси күштерді тежеп ұстап тұруға уәде бергендіктен екі рет сайлады. Алайда әсіреоңшылдарға есе жібере отырып, Макрон парламенттегі өз фракциясымен бірге, керісінше, олардан ұлтшылдықты, көші-қон саясатын қатаңдатуды, нәсіл басымдығын және мұсылмандарды кемсітуді күн тәртібіне шығаруды үйрене бастады.

Еуропарламенттегі сайлау нәтижесі Макронның ымырашыл саяси бағдарының сәтсіздігін көрсетті. Дегенмен, ол парламентті өзінің қатесін мойындағаннан таратқан жоқ. Франция президенті уақыттың тым тығыздығына орай барлық саяси блоктың абдырағанын пайдаланып, парламентте центристік көпшілікті сақтап қалғысы келеді.

Макронның бағдары неліктен француздардың көңілінен шықпайды?

Қазіргі президентке наразылықтың басты себебі оның Франциядағы әлеуметтік мемлекеттің қалдығына шүйлігуіне байланысты. Бірінші мерзім кезінде-ақ Макрон ауқатты азаматтарға көбірек артықшылық беру үшін азаматтардың басым бөлігіне арналған қызметтерге бюджет шығынын азайта бастады. Ауқаттыларға байлыққа салынатын салық төмендетілді, капиталды елден шығаруға салықты алып тастады.

Макрон, сонымен қатар, жалданбалы қызметкерлерді қорғайтын заңды біраз әлсіретті. Атап айтқанда, ол жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің талаптарын қатаңдатты. Ең елеулісі зейнет жасын 62 жастан 64 жасқа көтергені болды, бұл өзгерісті енгізу үшін ол парламентті айналып өтті. Макрон бұдан бас тарта алмады, өйткені сайлаушылардың ауқатты бөлігі оған мандатты дәл осы өзгеріс үшін берген еді.

Осының бәрі түрлі әлеуметтік топ арасындағы теңсіздіктің жалпы деңгейін де, байлар мен кедейлер арасындағы айырмашылықты да жылдан-жылға арттыра түсті. Кейінгі жылдары Францияның ең ауқатты 10% халқы ел байлығының 47 пайызын иемденіп отыр. 2010 жылы оларға тиесілі байлық 6 пайызға кем еді.

Инфляция мен қатты үнемдеу режимі француздардың басым бөлігінің ахуалын қиындатып отыр. Әлеуметтік шығындардың қысқарғанына қарамастан, мемлекет бюджет дефицитін өсіруін жалғастыруда.

Франция азаматтары жай-күйінің нашарлауына қалай қарайды?

Көп француздың центристік саясаттан көңілі қалды. Сайлаушылар француз саясатының басқа қанаттарына көбірек көңіл бөле бастады.

Бірнеше апта бұрын Financial Times жүргізген сауалнама респонденттердің 25 пайызы экономика үшін әсіреоңшылдардың бағдары дұрысырақ деп санайтынын көрсетті. 23% солшылардың бағдарламасына көбірек үміт артады. Макрон әрекеттерінің жетістігіне сауалнамаға қатысқандардың 20 пайызы ғана сенеді.

Саяси күштер қандай уәде беріп отыр?

Әсіреоңшылдар өмір сүру деңгейін көтеруге, инфляциямен күресуге, ең төменгі еңбекақы деңгейін арттыруға және салықты азайта отырып мемлекеттік бюджет дефицитін қысқартуға уәде беріп отыр.

Алайда халықаралық валюта қорының бұрынғы бас экономисі Оливье Бланшар әсіреоңшылдардың жоспарын «қаржы тұрғысынан жауапсыздық» деп атады, өйткені олар айтқан зейнет жасын төмендету және салықты қысқарту бюджетке жылына 20–30 млрд еуро салмақ салады.

«Сыйлыққа ақша керек. Ал [әсіреоңшылдар] бағдарламасында ақша жоқ», – дейді ол.

Солшылдар келешегі бар әрекет жоспарын ұсынып отыр. Маусымның ортасында бірнеше партия бытыраңқы оңшылдарға қарсы тұру үшін «Жаңа халық шебіне» бірікті. Олар бірігіп ымырашыл, бірақ мейлінше амбицияға толы өзгерістер тізімін құрды.

Олар да ең төменгі еңбекақы деңгейін көтеруге, әлеуметтік және мемлекеттік қызметтерге инвестиция құюға, Макронның зейнетақы реформасын алып тастауға, ең бай адамдарға салықты қайтаруға (табысы жылына 360 мың еуродан асатындарға), ең төменгі еңбекақыны 1600 еуроға дейін тез арада көтеруге және бағаның өсімін тоқтатуға уәде беріп отыр. Салық түсімі солшылдар блогына бюджет дефицитінің өсуін болдырмауға көмектесуі керек.

Солшыл күштер әсіреоңшылдарға бәсекелесе ала ма?

Франциядағы солшыл саясаткерлер толық жеңіске жетпесе де, парламентте әсіреоңшылдардан сәл аз орын алып, негізгі қарсыласқа айналу мүмкіндігі зор. Бұған деген сенім арта түсті, себебі Макронның партия мүшелері солшылдарға қолдау көрсету үшін оларда жеңіске жету мүмкіндігі болмаған сайлау округтерінен кандидаттарын алып тастауға келісті. Солшылдар да Францияның центристерге қолайлы саналатын өңірлерден үміткерлерін алып тастады.

«Солшылдардың көшбасшылары әсіреоңшыл үкіметтің ықтимал күйреуін француз саясатындағы әлеуметтік және жасыл бағытқа бұрылудың алдын алу үшін электоратты жұмылдыруды көздеп отыр. Бұл әсіреоңшылдардың жүйелі түрде өсуінен зақым алған Еуропаға қажет үміт белгісі», – деп жазды Барселонадағы автономиялық университеттің саясаттанушысы Пабло Костано.

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

Лерчек призналась, что во время съемок «Звезд в джунглях» украла у местных еду: «Камнем сорвала замок»

«Динамо» Москва — «Трактор» — 1:4. Видеообзор матча КХЛ

Три жителя Подмосковья задержаны за похищение 16-летней ради свадьбы в Рязанской области

День приема родителей провели в детском саду при лицее № 12 в Химках

Музыкальные новости

«Зенит» объявил стартовый состав на матч Кубка России против «Акрона»

«Нельзя терять эту девочку»: Нюша рассказала о личностях внутри себя

«Динамо» Москва — «Трактор». Видеотрансляция матча КХЛ, смотреть бесплатно

Рублев рассказал, что ему грозила ампутация после US Open

Новости России

85 изображений Пушкина из фондов «Михайловского» отправятся в Чехов для экспозиции

«Динамо» Москва — «Трактор» — 1:4. Видеообзор матча КХЛ

МИД: cамолет МЧС доставил в Москву семьи российских дипломатов из Ливана

Всероссийский форум классных руководителей стартовал в Москве

Экология в России и мире

Спектакль «Раневская. Одинокая насмешница» в Москве: дань великой актрисе

«Ингосстрах» и «Будь Здоров» помогут подопечным фонда «Онкологика»

Дочь Любови Успенской нашлась: у матери нервы на пределе

Спектакль «Раневская. Одинокая насмешница» в Москве: дань великой актрисе

Спорт в России и мире

Теннисист Рублев рассказал об угрожавшей ему ампутации

Сизикова не смогла выйти в 1/4 финала турнира WTA в Пекине в парном разряде

Хачанов обыграл Черундоло и вышел в четвертьфинал турнира ATP в Пекине

Теннисист Рублев: после US Open мне грозила ампутация

Moscow.media

ТСД SAOTRON RT41 GUN: практичный, производительный, надёжный

StarLine: Умный комфорт в твоих руках!

Северный Урал

На Буровой столкнулись маршрутка и грузовик. Пострадали пятеро











Топ новостей на этот час

Rss.plus






МЧС: спецборт с 60 эвакуированными россиянами прибыл из Ливана в Москву

Прокуратура: сожитель задушил 22-летнюю девушку в квартире в Новой Москве

Дочь Любови Успенской Татьяна Плаксина нашлась

День приема родителей провели в детском саду при лицее № 12 в Химках