Кемінде 10 адам Лос-Анджелес маңындағы ірі өрт салдарынан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы CNN мәлімдеді.
Лос-Анджелес округінің сот-медициналық сараптама департаменті бейсенбі кешке дейін өртке байланысты 10 адамның өлімі туралы хабарлама алғанын мәлімдеді.
"Медициналық сарапшы ешқандай есімдерді жариялаған жоқ. Барлық істер жеке тұлғаларды анықтау және жақын туыстарына заңды хабарландыру жіберуді күтіп отыр", – деп хабарлады департамент.
Лос-Анджелес округінде бірнеше күн бойы ірі орман өрті жалғасып жатыр. Тұрғындар үйлерінен эвакуацияланып жатыр. Мыңдаған адам эвакуацияланып, өз мүлкінен айырылған.
"Бейсенбіде өртсөндірушілер Санта-Ана желі бәсеңдеген кезде белгілі бір жетістіктерге жетті, бірақ күннің екінші жартысында бүкіл аймақта желдің екпіні күшейді. Лос-Анджелес пен Вентура округтерінің шекарасына жақын жерде жаңа өртке байланысты билік шұғыл шаралар жариялап, эвакуация жүргізуге мәжбүр болды. Тұрғындар ластанған ауамен және басқа да қауіпті жағдайлармен күресіп жатыр", – деп хабарлайды CNN.
Pacific Palisade ауданында өрт 10 000-ға дейін ғимаратты жойып жіберген. Табиғи апат қазіргі уақытта Лос-Анджелес округінде болған ең жойқын апат болып табылады. Жергілікті билік Калифорния ұлттық гвардиясынан қолдау сұрады.
Лос-Анджелесті шарпыған өрт сән-салтанатты үйлердің орнын күл қылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!