Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда Атом электр станциясының (АЭС) құрылысына қанша адам жұмысқа алынатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Үкімет отырысы кезінде Сәтқалиевтің айтуынша, АЭС құрылысы жобасы бойынша 2030 жылға дейін 5 мың адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі.
"Құрылыстың шарықтау кезеңінде, яғни 2032 жылы, шамамен 10 мың адам жұмыспен қамтылады. Жобаның пайдалану кезеңінде кемінде 2 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. Бұған қоса, 2025-2029 жылдар аралығында отын-энергетика кешеніндегі жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға қосымша 16 мың кадр қажет болады", – деді министр.
Сондай-ақ, Сәтқалиевтің айтуынша, АЭС құрылысына қолдау көрсету мақсатында қазақстандық колледждер базасында АЭС мамандарын даярлайтын жаңа мамандықтар ашылады.