Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы мәлімдеді.
"2025 жылғы 4 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 12:05:55-те ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісі Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 420 шақырым қашықтықта орналасқан", - делінген жедел хабарламада.
Жер сілкінісі сезілмеген.
Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанда бір сағат айырмашылықпен екі жер сілкінісі болғаны туралы хабарланған еді. Эпицентрдегі сілкініс күші 3-3,5 балл болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!