Azerbaijan Airlines компаниясы Қазаннан Бакуге рейсті тоқтатты. Мұны Қазан әуежайының онлайн таблосының деректері дәлелдейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұшақ 28 желтоқсанда сағат 23:15-те ұшуы керек еді. Кейін рейс 30 желтоқсанға ауыстырылды, содан кейін мүлдем тоқтатылды.
InKazan сайтының мәліметінше, мұндай шешім Embraer 190 ұшағы апатқа ұшырауының алдын ала тергеу нәтижелеріне және ықтимал қауіпке байланысты қабылданған. Тоқтатылған рейстің жолаушылары билеттерді айырбастай алады немесе қайтара алады.
Айта кетейік, 27 желтоқсанда Azerbaijan Airlines компаниясы Бакуден мына қалаларға ұшпайтынын хабарлады: Минералды сулар; Сочи; Волгоград; Уфа; Самара.
25 желтоқсанда AZAL компаниясы Бакуден Грозныйға және Махачкалаға ұшуды тоқтату туралы шешім қабылдады.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!