Синоптиктер 28, 29 және 30 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, алдағы екі тәулікте солтүстік және шығыс өңірлер әлі де солтүстік-батыс циклоны ықпалында болады, соның салдарынан қар жауып, боран соғады. Тек 28 желтоқсанда кезекті антициклон әсерімен елдің солтүстігінде ауа райы ашық болады.
"27 желтоқсаннан бастап Қазақстанның батысында, кейін оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады. Ел аумағында тұман түсіп, солтүстік өңірлерде желдің күшеюі болжанған", – деп хабарлады синоптиктер.
Республиканың көп бөлігінде температура өз климаттық нормаларынан жоғары, алайда солтүстік аймақтарда ауа температурасының сәл төмендеуі күтіледі: түнде -7...-15°C, күндіз -5...-10°C аяз болады. Елдің қалған аумақтарында температуралық фон айтарлықтай өзгермейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!