Қазақстанда 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын.Қазақстан Республикасының Үкіметі Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!