Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) Қазақстандағы ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем - 33 826 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы - 945 752 теңге болған.
2024 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша, БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 17,07 милллион (жыл басынан бергі өсім - 4,74 миллион бірлік немесе 38,5 пайыз, бір жылдағы өсім – 38,7 пайыз).
"Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2024 жылғы 11 айда салымшылардың жеке және шартты шоттарына түскен зейнетақы жарналары 2,49 триллион теңгеден асты (былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 29,4 пайыз немесе 567,35 млрд теңгеге артық)", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!