Маңғыстау облысында өздерін ҰҚК қызметкері ретінде таныстырған алаяқтар өңір тұрғындарын 133 миллион теңгеден астам сомаға алдап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті мәліметінше, тергеу барысында жәбірленушілердің қаражаты 20-дан астам дроппердің шотына аударылғаны анықталды.
"Прокуратураның үйлестіруімен полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Дропперлердің көпшілігі Алматыдағы жоғары оқу орындарының студенттері екені анықталды. Аталған дропперлер қаражатты 26 және 21 жастағы адамдарға аударғаны белгілі болды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады ведомство.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!