СДЭК – Ресейдегі жетекші логистикалық компаниялардың бірі әрі өз қызметін шетелде белсенді түрде кеңейтіп жатқан танымал халықаралық бренд. Соңғы үш жарым жылда СДЭК шамамен тоғыз есе өсіп, 40 елде өз қызметтерін ұсынып, нарықта тұрақты орынға ие болды. Компания жеткізу жылдамдығы мен қызмет көрсету деңгейі бойынша көшбасшылардың бірі атанды.
Компанияға дамудың негізгі бағыттарының бірі Қазақстан болды, мұнда 11 жылдан астам уақыттан бері табысты жұмыс істеп келеді. Бұл үшін компания жергілікті нарықтың ерекшеліктеріне бейімделуге мәжбүр болды.
Қазақстан нарығының ерекшеліктері
Жаңа нарыққа шығу белгілі бір талаптарымен қатар жүреді. Жергілікті мәдени және нарықтың өзіндік ерекшеліктерін ескеру маңызды. Осыған байланысты компания бірнеше қиындықтарға тап болды:
Менталитеттегі айырмашылықтар. Бұл ерекшеліктерді клиенттермен қарым-қатынас кезінде ескеру қажет.
Қызметтің ерекшеліктері. Қазақстанда экспресс-жеткізу және есікке дейін жеткізу қызметтері дамыған, сондай-ақ ТБП (тапсырыстарды беру пункті) қызметіне де сұраныс біртіндеп артып келеді.
Шекарааралық жөнелтілімдер. СДЭК трафигінің шамамен 40 пайызы Ресей мен Қырғызстанға жөнелтілетін сәлемдемелерден тұрады, бұл жеткізуді ұйымдастыруда ерекше тәсілді талап етеді.
Қазақстанда табысты жұмыс істеу үшін СДЭК басшылығы елдің ерекшеліктерін ескере отырып, өз бизнес-әдісін нарыққа бейімдеді:
Ұлттық тілді енгізді: СДЭК-тің барлық қызметтері жергілікті клиенттерге түсінікті әрі жақын болу үшін қазақ тіліне аударылды.
Жеткізу мерзімдерін қысқартты.
Қызметкерлерін оқытты.
Тарифтерді өзгертті.
Қазақстанның ірі қалаларында брендтің танымалдылығын арттыру үшін жергілікті блогерлермен және танымал Telegram арналарда жарнамалар ұйымдастырды.
СДЭК-ті бәсекелестерден ерекшелейтін факторлар
Қазақстан нарығындағы СДЭК-тің негізгі бәсекелестері - "Қазпошта", Emex секілді жергілікті және өзге халықаралық компаниялар. "СДЭК Қазақстан" директоры Петр Петров СДЭК-ті өзгелерден ерекшелейтін бірнеше факторларды атап өтті:
Жеткізу жылдамдығы. Қазақстандағы СДЭК қоймасынан клиенттің есігіне дейінгі сәлемдемелерді қабылдау және жеткізу қызметі компанияның толық бақылауында болады. Жеткізу уақытының жоғары жылдамдығы – жеті күннен бастап – компанияның өзіндік логистикасының арқасында қамтамасыз етіледі.
ТБП-ның кең желісі. СДЭК-тің тапсырыстарды беру пункттері клиенттердің қажеттіліктері мен ыңғайына қарай орналастырылған, бұл сәлемдемелерді алу процесін барынша ыңғайлы етеді.
Сапалы қызмет көрсету. Клиенттермен тығыз байланыс компанияға олардың нақты қажеттіліктерін түсінуге және ең қолайлы қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді. Жақын арада СДЭК қызметін одан әрі ыңғайлы ету үшін "бір рет басу арқылы жеткізу" және "next day" (келесі күні жеткізу) сияқты жаңа өзгерістерді іске қосуды жоспарлап отыр.
СДЭК – бұл тек халықаралық корпорация ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның қажеттіліктері, менталитеті мен мәдени ерекшеліктерін ескеретін компания екенін көрсету мақсатында қазақстандық суретші Әйгерім Кәрібаевамен бірлескен жобаны іске қосты. Осы арқылы қазақ халқының бай мәдениетін танытатын көрнекі бейнелерді жасап шықты.
Фото: Әйгерім Кәрібаева
Әйгерім өз жұмысында қазақ ертегілерінің метафораларын және мәдениеттің белгілері болып табылатын дәстүрлі ою-өрнектерді қолданды. Иллюстрацияларда қазақтың ұлттық киіміндегі батыр жігіт пен қыз, жылқылар мен киіз үйлер сияқты қазақтың көркемдік болмысын көрсететін бейнелер де бар.
"Біз үшін СДЭК бренді еліміздің кез келген қаласының тұрғындарына таныс әрі жақын болуы маңызды. Осы арнайы жоба аясында біз онлайн және офлайн жарнаманың барлық мүмкіндіктерін пайдаланып, тіпті автокөліктерді брендтік жапсырмалармен безендірдік. Мұның бәрі СДЭК компаниясы жергілікті халықтың дәстүрі мен салтына құрметпен қарайтынын айқын көрсету үшін жасалды", - деп түсіндірді халықаралық маркетинг бөлімінің жетекшісі Евгения Пегусова.
СДЭК компаниясы Қазақстан нарығына бейімделуді және дамуды жалғастырып, клиенттерге сапалы қызмет көрсетіп, елдегі логистика саласының көшбасшыларының бірі болып қалуды көздейді.