Алматының Алмалы аудандық сотында маусымда болған автобус апатына қатысты іс бойынша ашық сот талқылауы басталды. Жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы 25 жолаушы әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Бүгін сот отырысы аясында прокурор айыптау қорытындысын оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сотталушы С-ға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі ("Абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша айып тағылды. Алматылыққа бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Мемлекеттік айыптау бойынша 2024 жылғы 26 маусымда Kia Sportage көлігінің жүргізушісі Масанчи көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, сағат 13:55-те Мақатаев көшесінің қиылысына жеткен. Жол қозғалысы ережелерінің 13.101-тармағын бұзып, оған сәйкес тең емес жолдардың қиылысында екінші реттік жолмен қозғалатын жүргізуші басты жол бойымен қозғалатын көлік құралдарына жол беруге міндетті, жүргізуші 2.4 "жол беріңіз" жол белгісін елемей, Мақатаев көшесінің жол бөлігіне шықты. Салдарынан автобуспен соқтығысқан.
"Соқтығысқаннан кейін автобус инерция арқылы бағдаршамның нысанына соғылды, содан кейін тротуарға шығып, дүкен ғимаратына соғылды. Апат салдарынан автобус жолаушыларының бірі оқиға орнында қаза болды. Дене жарақаты бар жолаушылар медициналық мекемеге жеткізілді", - деді прокурор.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушының жол қозғалысы ережелерін бұзғанын, бұл абайсызда адамның өліміне әкеп соққанын айтты. Осылайша, оның әрекеттері ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық ретінде сараланады.
Сотталушы сол күні көлікпен үйіне қарай бет алғанын айтты. Ол кезде оның қызы небәрі төрт айлық болғандықтан, оны тамақтандыру үшін жұмыстан келе жатқан.
"Мен солға қарадым, барлық көліктің өтуін күттім, Масанчи көшесінен бағдаршам болмағандықтан, қозғала бастадым және соққыны сезіндім. Қауіпсіздік жастығы ашылып, бір сәтте есімнен танып қалдым. Оянғаннан кейін автобусты көрдім, оған жүгіру үшін көліктен түспек болдым, есік кептеліп қалды, оны итеріп жібердім, адамдар бірден маған қарай жүгірді, бірақ автобуcқа қарай беттедім. Жедел жәрдем шақырып, аяғына дейін болдым", - деді сотталушы.
Сараптама сотталушы сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жүргенін көрсетті. Сотталушының көлік жүргізу өтілі - тоғыз жыл. Бұрын ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Сотта сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінген. Ол барлық жәбірленушіден көпшілік алдында кешірім сұрады.
Сонымен қатар сотталушының адвокаты соталды тергеу барысында айыпталушының туыстары зардап шеккендермен кездесіп, келтірілген залалды толығымен өтегенін хабарлады.
"Жәбірленуші тарап моральдық кешірімді қабылдап, келтірілген шығынды материалдық өтеуден толығымен бас тартты", - деп атап өтті адвокат.
Еске салайық, 26 маусымда Алматыда автобус дүкенге кіріп кетті деген ақпарат пайда болғаны хабарланды. Куәгерлер Алматыдағы автобус апатынан кейінгі жағдай туралы айтты.
Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев
8 қарашада Алматының Алмалы аудандық сотында маусымда адам өліміне әкеп соққан автобус апатына қатысты ашық сот отырысы өтті. Жол апатынан 1 адам қаза тауып, тағы 25 жолаушы әртүрлі дәрежедегі жарақаттар алды. Бүгін қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!