Мектепте қатарласын ұрған оқушылардың ата-аналары камера алдында кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кадрларда жанжалға қатысқан төрт оқушы мен олардың ата-аналары бар.
Lada мәліметінше, жәбірленуші тарап кешірімді қабылдаған.
Еске салайық, бұған дейін желіде бастауыш сынып оқушыларының бір баланы ұрып жатқан видеосы тараған болатын.
Полиция қызметкерлері балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін ата-аналарды жауапқа тартатыны айтылды.
Жәбірленуші баланың ата-аналары медициналық көмекке жүгінбегені анықталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!