Бүгін Астана сотының апелляциялық инстанциясы бұрынғы әйелі Назым Қаһарманның Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы арызын қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengrinews.kz тілшісіне Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжановтың айтуынша, бүгінгі сот отырысында оның қорғаушысы онлайн режимде сөз сөйлеген.
"Оларда мекемеде сот процестеріне қатысатын арнайы бөлме бар. Ол сол бөлмеге барып, ұялы телефон арқылы қосылды", - деді Ғазымжанов.
Сот отырысына қатысушылар келтірген деректерге сәйкес, апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырған: Қуандық Бишімбаев ата-ана құқығынан айырылмайды.
Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Каһарман Tengrinews.kz тілшісіне, бұл шешіммен келіспейтінін айтты. Ол "ренжігенін және көңілі қалғанын" айтты.
"Ренжідім және көңілім қалды. Сот пен прокуратура Бишімбаевтың мүддесін қорғайды деген сезім қалды. Мен келіспеймін (шешіммен - еск.). Ойланамыз, әрі қарай күресеміз", - деді Назым Каһарман.
Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов өз кезегінде сотталған экс-министр бұрынғы әйелінің талабымен келіспейтінін айтты.
"Оның ұстанымы: ол (Бишімбаев-еск.) бұрынғы әйелі Назым Каһарманның талабымен келіспейді. Ол ата-ана құқығынан айыру мүлдем заңсыз және негізсіз деп санайды. Сот бұл талап онда мәлімделген негіздер бойынша қанағаттандырылмайды деген дұрыс тұжырым жасады", - деп түсіндірді Газымжанов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!