Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу фонында прокурорлардың жұмыстан босатылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қойгелдиевтің айтуынша, Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры прокуратура органдарындағы қызметінен босатылған.
"Иә, олар прокуратура органдарынан босатылды. Бұдан әрі не болатынын білмеймін. Олар не істейді, мансабын қалай жалғастырады, ештеңе айта алмаймын. Бұл олардың жеке өмірі. Олардың кәсіби мансабы қалай жалғасатынын білмеймін", - деді Бас прокурордың орынбасары Сенат кулуарында.
Журналистер жауапты нақтылау үшін: Қойгелдиев "жұмыстан босатылған қызметкерлер прокуратураға басқа лауазымға оралмайтынына кепілдік бере ала ма" деп сұарды.
"Мен мұндай нәрселерге кепілдік бере алмаймын. Мен олардың бұдан әрі не істейтінін білмеймін ғой. Біреуі, мүмкін, адвокат болар, біреуі бизнеспен айналысқысы келетін шығар", - деп жауап берді ол.
18 қазанда Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданы прокурорының қызметінен босатылғаны белгілі болды. Бас прокуратура мәліметінше, Саян Бәкіров пен Ескендір Бекмановты жұмыстан шығаруға қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау кезінде елеулі олқылықтардың болуы негіз болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!