Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанаға арналған ауа райы болжамы
16 қазанда Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы.
17 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы.
18 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 8-10 градус жылы.
Алматыға арналған ауа райы болжамы
16 қазанда Алматыда бұлтты, жауын-шашын, кей жерлерде нөсер (жаңбыр, қар), тұман түседі. Солтүстіктен жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 6-8 градус жылы, күндіз одан әрі төмендейді.
17 қазанда көшпелі бұлтты, өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 6-8 градус жылы.
18 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 8-10 градус жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!