Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді. Бас прокуратура мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Талғарда жасөспірімді өлтіру ісі бойынша жәбірленушілердің үйін өртеу фактісіне қатысты 2024 жылғы 12 қазанда Бас прокуратураның басшылығымен қылмысты ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды.
Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шаралар қабылданатын болады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды", – делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Шерзат Болаттың үйі өртеніп кеткенін жазған едік.
Осы оқиғадан кейін марқұмның отбасын полиция күзететін болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!