Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения Президенті Ваагн Хачатурян 15 қазан күні елімізге ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында саяси, сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-армян ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективалары талқыланады.
Сондай-ақ тараптар өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады деп жоспарланып отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!