Алматыда Қазыбек би көшесінде жылу желілерін жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
11 қазанда сағат 13:00-ден 12 қазан сағат 13:00-ге дейін Алматының Медеу ауданында Назарбаев даңғылынан Төлебаев көшесіне дейінгі Қазыбек би көшесінде көлік қозғалысы екі жаққа да жабылады.
"Магистральдық құбыр желісінде жөндеу жұмыстарын жүргізуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеу енгізіледі. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсінікпен қарауды өтінеміз", - делінген "Алматы жылу желілері" ЖШС хабарламаында.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!