Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысында екі қазақстандықты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2024 жылдың қазанында Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен еліміздің оңтүстік өңірлерінен Қарағанды қаласына есірткі жеткізу арнасының жолын кесті.
"Аталған арнаны ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстанның 2 азаматы ұсталды. Іске қатысы бар адамдардың тұрғын үйін тінту барысында 30 келі наша есірткі заты, шолақ және жарақат салатын қару тәркіленді", - делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!