Шығыс Қазақстан облысында алаяқ риелторлар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ШҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері нотариус пен риэлторлардың қатысы бар алаяқ риелторлар тобының кәсібін тоқтатты.
Қылмыстық іс бойынша, күдіктілер ішімдікке бейім шығысқазақстандықтардың бірнеше пәтерлерін заңсыз иемденген.
"Тінту іс шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер әртүрлі жылжымайтын мүлік объектілеріне құжаттар, жеке тұлғалардың дербес деректерін, сондай-ақ іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркілеген. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 60 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.
Полицияға барлығы төрт күдікті жеткізілген. Олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр.
Тергеу аса ірі мөлшердегі алаяқтық дерегі бойынша жүзеге асырылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!