Ақтөбеде скутер мінген екі жігіт КамАЗ-ға соғылып қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" мәліметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 5 қазанда сағат 04:45-те болған. Скутер Ряхова көшесінде жол жиегінде тұрған КамАЗ көлігіне соғылған. Соқтығыс салдарынан 18 жастағы скутер жүргізушісі мен оның 20 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі бойынша соталды тергеу басталды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!