Атырау облысының полициясы адам өлтіру және өзіне қол жұмсау деректерін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атырау облыстық Полиция департаменті мәліметінше, ерлі-зайыптыны өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ, марқұм ер адам мен әйелдің ұлының мәйіті табылғаны белгілі болды.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, 25 жастағы ер адам 65 және 58 жастағы ата-анасын өлтірген, содан кейін жігіт өз өмірін қиған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!