Синоптиктер Қазақстанда 8, 9 және 10 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Метеорологтар болжамы бойынша, апта басында антициклон Қазақстанның басым бөлігіне бұрынғысынша әсер етеді және ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
"Содан кейін елдің батыс және солтүстік-батыс аймақтарына Мәскеу аудандарынан келетін циклон әсер етеді. 9-10 қазанда батыста қатты жаңбыр жауады деп болжанған. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстік өңірлерде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі", - делінген хабарламада.
Республиканың батысында күндіз ауа температурасы 12-18 градусқа дейін төмендейді, солтүстік-батыста және солтүстікте 7-17 градусқа дейін төмендейді, қалған аумақта күрт өзгерістер күтілмейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!