Қызылордада құтқарушылар аяғына айыр кіріп кеткен балаға көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
Оқиға қала маңындағы Махамбет ауылында болған.
"2017 жылы туған ұл баланың аяғына айырдың жүзі кіріп кеткен. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық құралдардың көмегімен қысқа мерзімде айырдың тісін кесіп, баланың аяғын босатты. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды", - делінген хабарламада.
ТЖМ күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет екенін еске салды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!