Синоптиктер Қазақстанда 5, 6 және 7 қазанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес, батыста скандинавиялық антициклон әсерінен 5-6 қазанда елдің солтүстік және шығыс аймақтарында ауа райы құрғақ және шуақты болады, күндіз батыста 23-30 градусқа дейін, солтүстік пен шығыста 15-23 градусқа дейін күн жылиды, ал түнгі уақытта ауа температурасы минус мәндерге дейін төмендейді.
7 қазанға таяу солтүстікке және шығысқа суық атмосфералық фронт тарай бастайды, әсерінен жауын-шашын, желдің күшеюі және күндізгі ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
"Ал республиканың оңтүстігі мен орталығында атмосфералық фронттар әсерінен 5-7 қазан аралығында жаңбыр жауады, таулы аймақтарда қатты нөсер жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман күтіледі", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!