Әлеуметтік желілерде 3 қазанда Алматыдағы Әуезов ауданындағы пәтерлердің бірінен ер адамның бөлшектелген денесі табылғаны туралы ақпарат пайда болды. Полиция күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жазбадағы мәлімет бойынша, 50 жастағы марқұм Ресей азаматы болған. Қылмыс жасады деген күдікпен ол бірге тұрған әйел ұсталды.
Алматы полиция департаменті ақпаратты растады.
"Бұл факт бойынша Әуезов ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа жағдайлар анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!