7 қазанда Қашаған кен орны жөндеуге жабылады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қашағандағы жөндеу жұмыстары қарашаның басына дейін жалғасады.
"Қашаған кен орнында жөндеу жұмыстары 7 қазанда басталып, 30 күнтізбелік күнге созылады", - делінген Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.
Қашаған - Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан Қазақстанның қайраңды мұнай-газ кен орны. Соңғы 40 жылда ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!