Әлеуметтік желіде Алматы облысында анасы екі жасар мүгедектігі бар баласын ұрып өлтіргені туралы ақпарат пайда болды. Полиция департаменті оқиғаны растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға Боралдай ауылында болған.
"Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, УҰИ-ға қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!