Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттары форумына қатысатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол 3 қазанда өтеді. Бұл туралы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының бастамасымен өтетін барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының форумына қатысады", - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!