Израильдегі елшілік қазақстандықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстанның Израильдегі елшілігі хабарламасына сілтеме жасап.
Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты Тель-Авивтегі Қазақстанның елшілігі Израильдегі барлық қазақстандықтарға күшейтілген қауіпсіздік шараларын сақтауға, қырағы және сақ болуға, соңғы жаңалықтарды қадағалап отыруға, сондай-ақ Қазақстан елшілігімен байланыста болуға кеңес береді.
Ресми мәлімет бойынша, Израильде Қазақстан азаматтары үшін жедел желі ашылған.Қазақстанның Израильдегі елшілігінің байланыс нөмірлері:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші)+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)+7 700 111 31 96 (WhatsApp)
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!