Шахматтан Қазақстан құрамасының мүшелері жасөспірімдер арасындағы әлемдік Топ-20 рейтингінен бірден бес орынды иеленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) әлемдегі ең үздік шахматшылар рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады. Жасөспірімдер арасында Топ-20-ға Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман және Лия Құрманғалиева кірді. Алғашқы жиырмалыққа Үндістанның төрт өкілі мен екі қытайлық кірген.
Фото: FIDE.
Сонымен қатар, ұлттық құраманың көшбасшысы Бибісара Асаубаева әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте 16-орынға тұрақтады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!