Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында (ҮАААЖ) орташа тәуліктік қозғалыс қарқындылығы 60 пайызға өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көлік министрлігі мәліметі бойынша, магистраль ашылғаннан бері жолдағы көлік құралдарының саны күніне 47000-нан 75000-ға дейін өскен. Барлық трафиктің шамамен 40 пайызы транзиттік көлік болып табылады, ол Алматыға кірмейді.
Ұзындығы 66 шақырымды құрайтын ҮАААЖ Алматы облысының Қарасай, Іле, Талғар аудандары арқылы өтеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!